Ер адам мектеп оқушыларын пышақпен қорқытқан

Ер адам мектеп оқушыларын пышақпен қорқытқан

ашық дереккөзі

Мәскеу облысында ер адам екі оқушыны үйіне алып келіп, пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды taulik.kz BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Келтірілген дерек бойынша, 20 наурызда Одинцово қаласында екі оқушы зардап шеккендердің бірінің пәтері орналасқан Беларусь көшесіндегі үйдің ауласына кірген.

«Аула ішінде мектеп оқушыларын белгісіз бір ер адам ұстап алып, пәтеріне сүйреп апарды» деген ақпараттар бар.
Белгілі болғандай, жәбірлеуші пышақ алып, баланың тамағына тақаған. Ол екеуін де итеріп, содан кейін босатқан. Оқиғадан кейін, зардап шеккен баланың анасы полицияға ер адамды жауапқа тарту керектігі жайында арыз берді.

Loading...