Месут Өзил спорттағы мансабын аяқтады

Месут Өзил спорттағы мансабын аяқтады

ашық дереккөзі

34 жастағы неміс футболшысы Месут Өзил спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлаған, деп жазды taulik.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ұзақ ойланғаннан кейін мен кәсіби футболдан кететінімді хабарлаймын. Маған 17 жыл бойы кәсіби футболшы болу бақыты бұйырды. Мен бұл мүмкіндігім үшін шексіз алғыс айтамын. Бірақ соңғы уақыттарда бірнеше жарақат алғаннан кейін үлкен футбол аренасынан кететін уақыттың келгені анық болды. Месут Өзил өзі доп тепкен клубтарға да алғысын білдірді. "Мен "Шальке-04", "Вердер" Бремен, "Реал" Мадрид, "Арсенал", "Фенербахче", "Истанбул Башакшехир" клубтарыма алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ мені қолдаған жаттытырушылар мен достарыма айналған командаластарыма рақмет", - деді Месут Өзил.

Loading...