logo
search
menu

Шымкент пен Таразда тағы да жер сілкінді

Шымкент пен Таразда тағы да жер сілкінді
23 наурыз, 2023
Шымкент пен Таразда тағы да жер сілкінді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды taulik.kz.

    Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

    «Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39.27° солтүстікке қарай - 69.80°. Тереңдігі - 25 шақырым», - деп жазды стансаның кезекші диспетчері.

    МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы