Желіде Наурызда тегін тамақ үшін жанжал шығарғандар қызу талқыланып жатыр

Желіде Наурызда тегін тамақ үшін жанжал шығарғандар қызу талқыланып жатыр

ашық дереккөзі

Желіде Наурыз мейрамына орай тегін таратылған тамақтың арты дауға ұласқан түрлі видеолар тарады. Қолданушылар тегін тамаққа таласқан адамдардың әрекетін қызу талқылауда, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап. 22 наурызда Наурыз мейрамына орай Қазақстанның көп қаласында палау, наурызкөже, бауырсақтар тегін таратылды. Кей жерлерде тегін тамақ алуға ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Тіпті, тегін тамақ алу үшін жанжал шығарғандар да бар. Желі қолданушылары мерекеге келген қонақтардың ерсі қылықтарын сынға алды. «Ұят-ай, адамдар аштан қалған ба?», «Адамдар осындай жерлерге тек тамақ ішу ішу келетін сияқты», «Наурыздың сәнін құртпай, көжені үйінде дайындаса болады ғой» деген сынды пікірлер жазған қолданушылар.

Loading...