Журналист Махамбет Әбжан тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Журналист Махамбет Әбжан тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзі

Журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Taulik.kz.

"Үкіммен келіспеген сотталушы мен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданып, Әбжанды ақтауды сұрады.

Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді", - делінген Астана сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет Әбжан – журналист, блогер, белсенді, шілде айында 50 млн теңге алған кезде ұсталған. Әбжанға "көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-баптың 3-бөлігі) және "бопсалау" (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.

Сондай-ақ ол 2023 жылдың 3 ақпанында тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Loading...