Атырауда спортшы жігіт өзіне пышақ сұғып, көз жұмды. Оқиға 21 наурыз күні болған, деп хабарлайды Taulik.kz ztb парақшасына сілтеме жасап.
Полицейлер оқиға орнына келіп оны тоқтатуға тырысқанымен, өкінішке орай олардың бұл әрекеті кеш болған. Ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға кезінде ол трамадол препаратын шамадан тыс пайдаланған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Аталған фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген. Ал Медицина тәжірибесінде трамадол – синтетикалы опиоидты дәрі. Оны ауыр жарақат алғандар мен онкологиялық ауруларды емдеу кезінде қолданады. Өкінішке қарай, синтетикалық дәрі нашақорлар арасында үлкен танымалдыққа ие. Әлем бойынша сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткен.