logo
search
menu

Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды

Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды
24 наурыз, 2023
Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
    «Бүгін сағат 13-тен 54 минут өткенде ТЖД-не төмендегіше хабарлама келді: Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туылған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болды», - делінген Қызылорда облысы ТЖД хабарламасында.
    Белгілі болғандай қайтыс болған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы