Мәзір
24 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты болған Абзал Құспан өзін сынаған адамдарға жауап берді

Мәжіліс депутаты болған Абзал Құспан өзін сынаған адамдарға жауап берді

Мәжіліс депутаты болған Абзал Құспан өзін сынаған адамдарға жауап берді Мәжіліс депутаты болған Абзал Құспан өзін сынаған адамдарға жауап берді
ашық дереккөзі
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша мәжіліс депутаты болып сайланған Абзал Құспан өзін сынап жатқан адамдарға жауап берді, деп хабарлайды Taulik.kz cайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Белла Орынбетова «Жария» қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Мұрат Байдекеновтың видеосын жариялаған еді. Белла Орынбетованың сөзінше, Мұрат Байдекенов Орал бойынша 125 сайлау учаскесінің 113-ін толық қамтыған. 106 учаскеден сайлау комиссиясының қолы қойылып, мөрі басылған хаттамасын алып кестеге енгізген.
«Үміткер Лұқпан Ахмедияров Орал қаласы  бойынша 14816 дауыс алған. Ал Абзал Құспан 8322 дауыс алған. 106 учаскенің 95-інде Лұқпан Ахмедияров жеңсе, 11 учаскеде Абзал Құспан жеңген. Бұл ресми хаттамадағы дерек. Осы хаттамалар және сайлау қорытындысы бойынша кандидат Абзал Құспаннан, Бас прокуратура, Орталық сайлау комиссиясының, Комиссия тұрағасы Нұрлан Әбдіров жауабын күтемін», - деп жазған еді Белла Орынбетова.
«Уақытымды сайлаушылардың аманатын орындауға жұмсамақшымын» Абзал Құспан өз парақшасында сынға жауап берген. Ол алдымен Ақсайда бірнеше мұғалімнің сайлау жәшігін төгіп, бюллетендерге жәшіктен тыс үстелдің астындағы бюллетендерді қосып жатқан видео жайлы пікір білдіреді. Жазуынша, бұл оқиға өзіне белгілі болысымен, 20 наурыз күні кешке сайлау комисииясына осы оқиғаның анық-қанығын анықтап, заң шеңберінде шара қолдану туралы хат жолдаған.
«Бүгін бірінші жұмыс қайта хабарласқанымда, сайлау комиссиясы ол бойынша облыстық прокуратураға хат жазғандарын, тексеру нәтижесі бойынша хабарлайтынын айтты.  Мен бұл жерде Ақсайдағы оқиғаны – сөзсіз заңбұзушылық деп танитынымды, ол туралы өз позициямды тиісті органдарға жолдағанымды және осы факт бойынша ешқандай реакция танытпай отыр деп мені айыптаудың негізсіз екенін айтқым келеді», - дейді ол.
Сонымен қатар, заңгер Ақсайдағы заңбұзушылықты анықтаған тұлғалардың (байқаушылар, сенімді өкілдер, т.с.с) сол кезде дереу “Сайлау туралы” заңның 49-бабына сай әрекет етпей, кейін барып әлеуметтік желіге жүктеуі мен үшін түсініксіз болып қалғанын атап өтеді. Сондай-ақ, кейбір опоненттерінің өз қолындағы жекелеген участоктар бойынша ғана, қолдарына бар және өздеріне жағымды нәтижені алға тартып, жалпы мәліметті жария етуге келгенде үнсіз қалып отырғанын сынға алады.
«Иә, қала бойынша участоктардың көбінде Лұқпан бауырым басымырақ дауыс алды, бірақ барлығы бойынша емес, менің оппонеттерімнің байқаушылары мен сенімді өкілдері қатысқан және мен жеңіске участоктер де болды. Тіпті осы қала участоктарының ішінде мен өз бәскелестерімнен екі есе артық дауыс жинаған участоктар бар. Сондықтан, бәсекелестерімнің мақсатты түрде біржақты ақпарат таратқанына жерлестеріміз өз бағасын бере жатар. Ол туралы мен осы фейсбукте нақты хаттамаларды жалғай отырып пост жарияладым оның сілтемесін пікір жазатын жерге жүктермін», - дейді заңгер.
Ауылдарда Абзал Құспан айқын басымдықпен жеңіске жеткеніне сенімді. Санды былай келтіреді: Батыс Қазақстан облысында 442 мың сайлаушы бар, соның сайлауға қатысқаны – 260 мың адам. Осы 260 мың сайлаушының – 160 мыңы ауылдың тұрғындары, 100 мыңы – қаланың тұрғындары.
«Біздің штабтың ауыл тұрғындарының қолдауына басымдық берген стратегиясы өзін толық ақтады. Өзімді қолдаған қала тұрғындарына ризашылығымды білдіре отырып, мен ауылдықтардың арқасында анық және айқын басымдықпен жеңіске жеткенімді айтқым келеді. Сайлау мәселесі бойынша өзіме шыққан «Азаттық» радиосына қазақ және орыс тілдерінде сұхабатымды бердім. Көп мәліметті осы БАҚ бетінен біле аласыздар. Мен жеткілікті ақпарат бердім деп ойлаймын және осы әлеуметтік желі бетінде жылт еткен оңды/теріс мәліметке жауап беруді осымен тоқтатып, уақытымды сайлаушылардың аманатын орындауға жұмсамақшымын», - деп түйеді сөзін Абзал Құспан.
 

Апта талқысында: