logo
search
menu

Қызылордада 17 жылға сотталған жігіт түрмеде некесін қидырды

Қызылордада 17 жылға сотталған жігіт түрмеде некесін қидырды
24 наурыз, 2023
Қызылордада 17 жылға сотталған жігіт түрмеде некесін қидырды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша 17 жылға сотталған жігіт отбасын құрды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан ол 4 жыл бойы қалыңдығымен байланысын үзбеген. Енді олардың некесі қиылды, деп хабарлайды Taulik.kz cайты halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. 
    «Үйленіп некемді қиып жатырмын. Заңды куәлікті табыстап жатыр. 2016-дан бері, бостандықтан танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуміз некемізді қиып, үйленуге бел будық, Аллахтың қалауымен үйлендік», дейді жасасын өтеуші.
    Департамент басшысының пікірінше, осындай бастамалар жазасын өтеуші азаматтарға оң әсер береді.
    "Қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Былтыр 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға оң әсер етеді." - деді ол.
     
    «Әрі қарай бақытты болып, балалы-шағалы болып жатқан сотталған азаматтарымыз да бар. Бойдақ сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген, балаға деген көзқарасы өзгереді. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам, осы жерде тәртіп бұзбасам бостандыққа мезгілінен шартты түрде босау сияқты әрекеттерге барады», - дейді облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы