logo
search
menu

БҚО-да жол апатынан үш адам көз жұмды

БҚО-да жол апатынан үш адам көз жұмды
25 наурыз, 2023
БҚО-да жол апатынан үш адам көз жұмды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды  Taulik.kz сайты halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 наурыз күні Орал-Атырау жолының 308-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болған.
    «Шамамен сағат 14.30-да 1991 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗ-330273-753» жүк көлігінің тіркемесі ағытылып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан қарсы бетте 27 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен 22 және 42 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды.
    Ақжайық аудандық орталық ауруханасына 1979 және 1991 жылғы екі адам түрлі жарақатпен жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы