Мен оны көрмедім: сайлауда Назарбаевтың "бажасы" жеңді

Мен оны көрмедім: сайлауда Назарбаевтың "бажасы" жеңді

ашық дереккөзі

Дастан Жантелиев Алматы қалалық мәслихатының депутаты болды, деп хабарлады Taulik.kz cайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Жантелиев Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына №2 сайлау округінен кандидат болған. Басылым оның Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі деп аталып жүрген Әсел Исабаеваның кіші сіңлісін алып отырғанын жазады. Жантелиевтің өзі атақты туысын ешқашан көрмегенін айтады.

«Иә, мен мұндай туысымыз бар деп естідім, бірақ оны ешқашан көрген емеспін және біз оны танымаймыз, сырттан ешқашан қолдау көрмедік», - деді ол Информбюро порталына.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасында Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, сайлауға қатысу көрсеткіші 54,19 пайызды құрап, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш болды.

Loading...