Ресей рұқсат бермегендіктен Новосібірге ұшатын рейстер тоқтатылды
«Жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек», - делінген QAZAQ AIR әуекомпаниясы таратқан хабарламада.