Атыраулық спортшы куәгерлердің көзінше өз-өзіне қол жұмсады

Атыраулық спортшы куәгерлердің көзінше өз-өзіне қол жұмсады

ашық дереккөзі

Атыраулық спортшы адамдардың көзінше өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Ауыр хәлдегі Атыраулық спортшы пышақпен өзіне бірнеше соққы берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны тоқтатуға тырысқанымен, құтқаруға тым кеш болды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, марқұм жекпе-жек чемпионы болған және қайғылы оқиға кезінде трамадол психотроптық препаратын қолданған. Бейнені жүрегі әлсіз адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға қарау ұсынылмайды.

Loading...