«1 ай бойы 14 сағат ораза (күннің атуы мен батуы) ұстаған соң, барлық мемлекеттер де осы қағиданы ұстанады деп ойлаймыз. Бірақ күн батпайтын немесе шықпайтын, географиясы ерекше елдер де бар екен» деп белгілі журналист Қанат Байұзақов өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Taulik.kz сайты. Полярлы күн, полярлы түн. 🇷🇺Ресейдің Мурманск, Норильск, Петрозаводск т.б 🇧🇻Норвегияның Алта, Киркенес т.б 🇺🇸АҚШ-тың Уткиагвик қаласы. 🇸🇪Швецияның Кируна қаласында маусым айында күн мүлдем күн батпайды, ал желтоқсанда түн 1 айға жалғасады)🇷🇺Ресей мен Арктикада тұратын азаматтардың оразасы полярлы күнге тура келген сәтте 22 сағат ораза ұстайтындығын айтады.
- 2023 жыл бойынша оразаны ең ұзақ ұстайтын елдер:Нуук, Гренландия (18 сағат) Рейкьявик, Исландия (18 сағат) Хельсинки, Финляндия (17 сағат) Глазго, Шотландия (17 сағат) Оттава, Канада (17 сағат) Лондон, Ұлыбритания (16-17 сағат) Париж, Франция (16-17 сағат) Цюрих, Швейцария (15 сағат) Рим, Италия (15 сағат) Мадрид, Испания (15 сағат)
- 2023 жыл бойынша ең қысқа ұстайтын елдер:Крайстчерч, Жаңа Зеландия (12 сағат) Пуэрто-Монт, Чили (12 сағат) Буэнос-Айрес, Аргентина (12 сағат) Джакарта, Индонезия (13 сағат) Найроби, Кения (13 сағат) Карачи, Пәкістан (13-14 сағат) Нью-Дели, Үндістан (13-14 сағат)