logo
search
menu

Рыбакина қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді

Рыбакина қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді
26 наурыз, 2023
Рыбакина қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты деп хабарлады Taulik.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

    Елена үшінші айналымда әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаға қарсы шықты. 2 сағат 33 минутқа созылған тартысты ойында қазақстандық спортшы 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

    Осылайша, Елена қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді.

    Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 41-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің біреуімен кездеседі.

    Бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан Уэлс турнирінде топ жарған болатын.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы