Бензин мен дизель отынының шекті көтерме бағасы белгіленді
«Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін: АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге; АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге; дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге».Жоба 24 наурызда жарияланып, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.