Қызылордада 1 жастағы сәби құдыққа құлап мерт болды
«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары сыртқа шығарды», – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.