Қазақстанның Данияны жеңуі: Қуат Хамитов футбол жайлы бар шындықты айтты

Қазақстанның Данияны жеңуі: Қуат Хамитов футбол жайлы бар шындықты айтты

ашық дереккөзі

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Данияны ұтқан (3:2) ойынына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина дамымаған, адамдар қарызға батып жатыр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетеді!? Футболға ма!? Пайдасынан зияны көп болса, мұндай жеңіс кімге керек?! Халықтың ақшасын құртпай өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын. Солай істей алатындарыңды, ер екендеріңді дәлелдеңдер. Ал былай... Айтпақшы, осы уақытқа дейін далаға кеткен ақшаны да қайтару керек!" - деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Loading...