Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
27 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева: Қателескен болсам, мойындауға дайынмын

Бибісара Асаубаева: Қателескен болсам, мойындауға дайынмын

Бибісара Асаубаева: Қателескен болсам, мойындауға дайынмын
ашық дереккөзі
Белгілі шахматшы, әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында Нью-Делидегі Гран-при турнирі қарсаңында туындаған дауға нүкте қоюға дайын екенін айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
«Мен айтқан бір эпизод жағдайды өршітіп жіберді. Бәріміз не істейтінімізді білмей қалдық. Аздап қызбалыққа салынып кеткен шығармын. Сол үшін көптеген хейтке де тап болдым. Ақылға салып, салқынқандылық танытудың орнына эмоцияға берілген кезде, оның өз әсері болады. Бұл бәрімізге сабақ болуға тиіс. Шахматшы алдағы бірнеше қадамын ойланып жүруі керек. Бұның өмірде де маңызы зор. Ондағы қатенің бағасы шахмат тақтасына қарағанда әлдеқайда жоғары. Егер мен қателессем, мойындауға дайынмын», – деп жазды шахматшы.
Ол Нью-Делиде болып жатқан келеңсіздіктер енді ешқашан қайталанбауы керек екенін айтты.
«Егер біреуді қорлаған болсам, кешірім сұраймын. Біреудің ар-намысына тиемін деген ойым болған жоқ. Оған лайықты құрмет көрсетілсін», – деді Асаубаева.
Бұған дейін Бибісара Асаубаеваның Жансая Әбдімәлікті сынағанын жазған болатынбыз.