logo
search
menu

Тоқаев Шавкат Рахмоновты қабылдады

Тоқаев Шавкат Рахмоновты қабылдады
27 наурыз, 2023
Тоқаев Шавкат Рахмоновты қабылдады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты. Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы