Қыздар арасындағы бокстан ӘЧ-де ерлер жұдырықтаспақ болған

Қыздар арасындағы бокстан ӘЧ-де ерлер жұдырықтаспақ болған

ашық дереккөзі

Халықаралық бокс қауымдастығы өзін әйел ретінде көрсеткен ер спортшыларды жариялады, деп хабарлайды taulik.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. IBA басшысы Умар Кремлев Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) өзін әйелдер ретінде көрсететін бірнеше спортшыны анықтағанын хабарлады. Оның айтуынша, әйелдер арасындағы жарыста ер спортшылар бақ сынамақ болған. Алдау фактілері генетикалық тест арқылы анықталып, Үндістанда өткен әлем чемпионатының Алжирден келген финалисі "критерийлерге сәйкес келмегендіктен" жарыстан шеттетілген. Кремлев бұл тақырып Нью-Делиде өткен әлем чемпионаты кезінде IBA директорлар кеңесінің отырысында талқыланғанын айтты.

"Бірнеше ДНҚ сараптамасының қорытындысы бойынша басқа спортшыларды алдамақ болып, өзін әйелмін деп көрсеткен спортшылар анықталды. Генетикалық сараптама нәтижесі бойынша оларда XY хромосомалары бар екені дәлелденді. Кейіннен бұл спортшылар жарыстан шеттелді", - деді бірлестік жетекшісі.
IBA 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алжирлік спортшы Иман Хелифті турнирге рұқсат беру критерийлеріне сәйкес келмегені үшін әлем чемпионатының финалынан шеттеткен болатын. Алжирлік БАҚ-қа сілтеме жасаған Insidethegames басылымы бұған Хелифтің денесінде тестостерон деңгейінің жоғарылауы себеп болғанын жазады. Хелиф қазіргі Африка чемпионы және былтыр Стамбулда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Loading...