logo
search
menu

Алғаш рет судья атанған хиджабтағы әйел қасиетті құранмен ант берді

Алғаш рет судья атанған хиджабтағы әйел қасиетті құранмен ант берді
27 наурыз, 2023
Алғаш рет судья атанған хиджабтағы әйел қасиетті құранмен ант берді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    АҚШ-та хиджаб киген әйел судья қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап. Адвокат Надия Кахф Нью-Джерси штатында судья болып тағайындалды. Ол - АҚШ-та мұндай қызметке тағайындалған тұңғыш хиджабтағы әйел. Бүған дейін ол Уэйн қаласында отбасылық істер бойынша адвокат міндетін атқарған. Кейін судья болу үшін сайлауға түсіп, штаттың сенаты оның кандидатурасын қолдаған. Бірнеше күн бұрын басына ақ орамал тағып, судья мантиясын киген Надия Құранға қолын қойып, ант берді. Осылайша, ресми түрде қызметіне кірісті. Бұған дейін Кахф отбасылық құқық және иммиграция мәселесі бойынша адвокат қызметін атқарып, Пассаик аймағы бойынша Ислам орталығының жетекшісі болған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы