Тараздағы вокзалдан қару-жарақ қоймасы табылды

Тараздағы вокзалдан қару-жарақ қоймасы табылды

ашық дереккөзі

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Жамбыл облыстық ІІД-нің қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында теміржол желісінің маңында полиэтилен пакетке салынған ИЖ-18ЕМ 12 калибрлі шолақ мылтық пен «Полиция» деген жазуы бар оқ өтпейтін жилет табылды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Loading...