Жетісудағы Алматы - Өскемен тас жолында болған апаттан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап. 27 наурызда Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктерінің соқтығысуымен жол апаты болды. Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, сол кезде жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға кінәлі тұлға тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша тергеу барысында анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр
Loading...