Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы бұл партияға Мәжілістің кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша алған 6 мандатын бөлді, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда 19 наурызда өткен Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындылары талқыланды.
«Ақ жол» партиясының атынан Парламенттің төменгі палатасында келесі депутаттар өкілдік етеді:
Барлыбаев Ерлан Хайланұлы – экономист, VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы - кәсіпкер, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы
Еспаева Дания Мәдіқызы - қаржыгер, VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» ҚДП төрағасы
Садықов Асқар Аманбайұлы – кәсіпкер, «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.
Мәліметтерді Азат Перуашев өзінің телеграм арнасында жариялады
27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының соңғы қорытындыларын шығарды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берген. Сайлау нәтижесінде «Ақ жол» Мәжілісте алты депутаттық мандатқа ие болды.