Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?

Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?

ашық дереккөзі

Ұйықтап қалып, сәресіні өткізіп алған кісілер не істейді, оларға ораза ұстауға бола ма, бұл жайлы  Taulik.kz сайты ramadan.muftyat.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.
Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн.
Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде береке бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді», - делінген.
Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – пайғамбарымыздың сүннеті. Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып «Тәһәжжуд» намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр.

Loading...