Шымкентте тұрғын үйден 15 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
«Қайғылы оқиға 26 наурыз күні кешке Ерімбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен жедел топ бірқатар бұзушылықтарды анықтады: лоджияға газ плитасы мен су жылытқышы қойылған. Лездік су жылытқышының мұржасы қабырға деңгейінде көшеге шығарылған және полиэтилен пакетімен тығындалған. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ», – делінген хабарламада.