Талдықорған тұрғындары Қайрат Нұртасты жауапқа тартуды талап етті

Талдықорған тұрғындары Қайрат Нұртасты жауапқа тартуды талап етті

ашық дереккөзі

Талдықорған тұрғындары әнші Қайрат Нұртасты жауапқа тартуды талап етіп, оның халықтан кешірім сұрауын күтіп отыр, деп хабарлайды taulik.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. 26 наурыз күні Талдықорғанда әнші Қайрат Нұртастың концерті өткен. Концерт Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында болды. Эстрада жұлдызы ол жерге көлігімен жол жүруге тыйым салынған орталық алаңның бойымен келген. Қайрат Нұртас өзінің орталыққа көлікпен келген видеосын әлеуметтік желіде жариялайды. Оны тұрғындар пабликтердің бірінен көріп қалады. Талдықорғандықтар әншінің бұл әрекетіне наразылық білдіріп, құқық қорғау органдарынан Қайрат Нұртасты жазалауды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, заң бәріне ортақ. Жансүгіров атындағы мәдениет үйі Талдықорған қаласының орталық алаңында орналасқан. Сол себепті ол жерге қандай көлікпен болсын кіруге тыйым салынған.

Loading...