Меккеге бара жатқан автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты
Меккеге бара жатқан автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты
28 наурыз, 2023

Мазмұны
Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақат алды, деп хабарлайды taulik.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында, Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болды. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алған.
Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кеткен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының полициясының мәліметін айтып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы