logo
search
menu

Ардақ Назаров Қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтардан жалтарып кетті

Ардақ Назаров Қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтардан жалтарып кетті
28 наурыз, 2023
Ардақ Назаров Қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтардан жалтарып кетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық мандатын иеленген Ардақ Назаров "Қаңтар оқиғасы" туралы сұрақтардан жалтарды, деп жазады Taulik.kz. Ол "Қаңтар оқиғасы" кезінде оқ атқан әрі бұйрық берген азаматтарды жауапқа тартуды талап ету бойынша сауалға кейін жауап беретіндігін айтты.
    "Аман болыңыздар. Алла Тағала елімізге тыныштық берсін, біз әлі жұмысқа кіріскеніміз жоқ", - деді Назаров.
    Сондай-ақ әлеуметтік желіде "Рысбек Сәрсенбайға орынын берсе дұрыс болар еді" деген талқылауларды оқымайтынын айтып өтті.
    "Рысбек Сәрсенбайды танымаймын. Сайлау әділ өткен шығар. Заң бұзушылықтарды көрмедім әрі желіні ақтарып әуре болмаймын. Алланың бұйырғаны ғой. Депутаттыққа түсуге әкем өз батасын берді. Депутат болу арманым емес, бірақ басты міндетім - халыққа қызмет ету. Депутаттыққа кіріскеннен соң жастарды тәрбиелеу жоспарда бар", - деді ол.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы