Талдықорғанды шулатқан Қайрат Нұртастың жүргізушісі азын-аулақ айыппұлмен құтылды

Талдықорғанды шулатқан Қайрат Нұртастың жүргізушісі азын-аулақ айыппұлмен құтылды

ашық дереккөзі

Талдықорғанда өнер көрсетуге барып, жол ережесін өрескел бұзғаны үшін сынға ұшыраған белгілі әнші Қайрат Нұртас мінген көліктің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде жарияланған видеодан әншінің қаладағы мәдениет үйіне жету үшін көлік жүруге тыйым салынған жермен жүріп өткенін көруге болады. Бұл жайт көпшіліктің наразылығын туғызып, желідегілер заң бұзушыларды жазалауды талап етті. Көп ұзамай облыстық полиция департаменті 45 жастағы автокөлік жүргізушісі ұсталғанын мәлім етті.
«Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында ҚР Жол ережелерін бұзуға жол бергенін хабарлаймыз (Қозғалысқа тыйым салынады). Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау)», - деді полицейлер.
Жүргізушіге салынған айыппұл көлемі – 3 АЕК, яғни 10 350 теңге.

Loading...