Мәзір
28 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Астана тұрғыны ақшаны қайтармау үшін туысын өлтіртпекші болған

Астана тұрғыны ақшаны қайтармау үшін туысын өлтіртпекші болған

Астана тұрғыны ақшаны қайтармау үшін туысын өлтіртпекші болған Астана тұрғыны ақшаны қайтармау үшін туысын өлтіртпекші болған
ашық дереккөзі
Астана тұрғыны 57 жастағы әйелдің 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін оны өлтірткізбек болған. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші өзінің танысы арқылы "орындаушымен" мәміле жасасып, оған 10 миллион теңге бермек болған, оның бір миллион теңгесін алдын ала төлеген. Сонымен бірге жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған. Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай деректер тәркіленді.
"Қылмыстың ұйымдастырушысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысқандардың бәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені белгілі болды. Жәбірленуші оған биылғы ақпанда 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген. Өзге деректер тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Апта талқысында: