logo
search
menu

Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға нүкте қойды

Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға нүкте қойды
29 наурыз, 2023
Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға нүкте қойды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мәжіліске жаңа сайланған депутат Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істің тергеу нәтижесі жуырда белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Тағы еске салам, ұлым кәмелет жасына толған азамат. Мен Черновтар отбасынан кешірім сұрадым, қажет жағдайда емдеуге көмек көрсетуге дайын екендігімді айттым. Бірақ олардан хабар болмады. Алдағы 10 күн немесе 2 апта көлемінде тергеу нәтижесімен таныс боласыздар. Бұл процеске мен араласып жатқан жоқпын.

    Черновтар татуласқысы келеді деген ақпарат бар. Қазір маңыздысы тергеу органдарының бағасы берілсін, одан әрі көре жатармыз», - деді ол.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы