Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
29 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп кетті

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп кетті

Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде өз үйінен анасы мен баласының мәйіті табылды, ал 13 жастағы қызы жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға бүгін, 29 наурыз күні болды. Сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел және 16 жастағы баланың зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақаттанған қызға ота жасалғанын хабарлады.
«Қызға ота жасалды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.