“Баға беруге әлі ерте. Өйткені тексеріс жүріп жатыр. Ол туралы Бас прокуратура айтқан еді. Сондықтан алдағы уақытта құзырлы орындарға арыз-шағымдар түскен болса, естуімше, түсіп те жатыр, сол бойынша шешімдер қабылданады, құқықтық баға беріледі”, - деді депутат.Сонымен қатар Аралбайұлы әлеуметтік желіде сайлау кезінде таралған видеоларға қатысты пікір білдірді.
“Видеоларды көрдім. Егер ол рас болса, сорақы дүние. Бірақ біз білеміз ғой, түрлі-түрлі фактчекинг жасалмаса, бұрынғы видеолардың да салынып кететінін көреміз. Сондықтан анық-қанығына құзырлы органдар көз жеткізуі керек. Егер заңсыздық орын алса, жауапты адамдар қатаң жазалануы керек. Сайлауға адал келген адамдар да бар. Олардың еңбегінің барлығын жоққа шығаруға болмайды. Менің адал келіп-келмегеніме алдағы уақытта халық өз бағасын береді деп ойлаймын”, - деді ол.