Ұлыбританияның 6 университетінен оқуға шақырту алған студент

Ұлыбританияның 6 университетінен оқуға шақырту алған студент

ашық дереккөзі

Абай университетінің "6В01508-Информатика ағылшын тілінде" мамандығы бойынша білім алып жатқан 4-курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты беделді университетінен магистратураға оқуға шақырту алды, деп хабарлайды taulik.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Атап айтқанда: UCL (University College London) - MA Education; King's College London - STEM Education MA; The University of Manchester - MA Digital technologies, communication and education; University of Sheffield - MA Education; University of Reading - MA Education; University of York - MA Education. Назерке 2019 жылы Алматы қаласындағы №173 физика-математика лицейін "Алтын белгімен"  бітірді. Ағылшын тіліне деген қызығушылығы "Информатика ағылшын тілінде" мамандығына түсуге ықпал еткен. Бүгінде ол Абай университетінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өзінің білімі мен тәртібі арқылы университет мақтанышы болып келеді.

Loading...