logo
search
menu

Үкімет басшысының кандидатурасы қашан ұсынылады? – Қошанов жауабы

Үкімет басшысының кандидатурасы қашан ұсынылады? – Қошанов жауабы
29 наурыз, 2023
Үкімет басшысының кандидатурасы қашан ұсынылады? – Қошанов жауабы
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    «Таяу күндері ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны (Премьер-Министр кандидатурасы) таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынатын шығармыз және жалпы отырыста келісімімізді береміз», - деді Мәжіліс төрағасы.

    Ерлан Қошанов дәл қазір кімнің ұсынылатыны жөнінде айта алмайтынын жеткізді.

    «Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып не болмаса тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін», - деді Мәжіліс төрағасы.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы