«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша РҚО алаңында өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова 2024 жылдан бастап әр балаға есепшот ашылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz cайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында әрбір балаға есепшот ашылады деп жоспарлананып жатыр. Қазір механизм әзірлену барысында. Жалпы бізде бұл мәселемен Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика, Ұлттық банк айналысады. 2024 жылдан бастап әр балаға есепшот ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жыл соңында бөлінгеннен кейін ақша автоматты түрде есепшоттарға бөлінеді. Құжаттарды тапсырудың және балаларға шот немесе депозит ашудың қажеті жоқ. Барлығы автоматты түрде болады. Жыл қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі бөлінгеннен кейін ақша автоматты түрде шоттарға бөлінетін болады. Балаларға құжаттар тапсыру және шоттар мен депозиттер ашу талап етілмейді. Барлығы автоматты түрде болады. Есептелгеннен кейін бірыңғай зейнетақы қорының сайтында әр баланың шотына қанша ақша түскенін көруге болады. Бұл 2025 жылы болады. Жүйенің өзі 2024 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Барлық заңға тәуелді актілер, заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр», - деп түсіндірді Назгүл Сағындықова.Еске салайық, 2024 жылдан бастап «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша 18 жасқа толмаған барлық балалардың атына шот ашылады. Аударым олар кәмелеттік жасқа толғанша жүзеге асырылады.