Бақтықожа Ізмұхамбетов Назарбаев жайлы не ойлайтынын айтты

Бақтықожа Ізмұхамбетов Назарбаев жайлы не ойлайтынын айтты

ашық дереккөзі

Бақтықожа Ізмұхамбетов Назарбаев жайлы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында министр де әкім де болған Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжіліс депутаты болып отыр. Ізмұхамбетов екі мыңыншы жылдардан бері Энергетика министрі, Батыс Қазақстан мен Атырау облысы әкімі қызметін атқарған. Журналистер парламент кулуарында одан Назарбаев туралы не ойлайтынын сұраған. "Назарбаевтың тұсында облыс әкімі болдыңыз, министр қызметін атқардыңыз, ол кісіні қауіпсіздік қызметінен алып тастау қаншалықты дұрыс болды деп ойлайсыз?" деген сұраққа құқықтық органдар жауап беретіндігін айтты.

"Мен ол кезде бұл саясатқа араласқан жоқпын, бірақ қазір қайта келіп жатырмын. Мен өзім жасаған қызметтерді тиісті дәрежесінде атқардым.Анау қалай болады, мынау қалай болады деген әңгімелерді қою керек. Әрбір іске жауапты құқықтық органдар бар, олар өздері кімнің қалай жұмыс жасағанын бағалайды",- деді депутат.
 

Loading...