logo
search
menu
Зілзаладан 49 күннен кейін қираған үйлердің астынан тірі мысық табылды
ашық дереккөзі

Зілзаладан 49 күннен кейін қираған үйлердің астынан тірі мысық табылды

Зілзаладан 49 күннен кейін қираған үйлердің астынан тірі мысық табылды Түркияда зілзаладан 49 күннен кейін көпқабатты үйлердің астынан тірі мысық табылды, деп хабарлайды Taulik.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. Кахраманмараш қаласында 11 қабатты қираған үйдің астынан үй жануары табылды. Жер сілкінісі кезінде қызымен бірге қашып кеткен 36 жастағы Нида Дина 40 күн бойы британдық тұқымды мысығы Ханды табамын деген үмітпен қираған үйге келгенін айтты. "Бұл – ғажайып. Мен соңғы сәтке дейін үмітімді үзген жоқпын. Оны экскаваторшы ас үй кілемінен тауып берді",-деді ол. Мысықтың табаны сынған және ішкі мүшелері зақымдалған, организміндегі су мөлшері өте төмен. Хан қазір ветеринарлық ауруханада.