logo
search
menu

Түркістанда із-түзсіз жоғалған 11 жастағы қыздың мәйіті табылды

Түркістанда із-түзсіз жоғалған 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
30 наурыз, 2023
Түркістанда із-түзсіз жоғалған 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістанда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың мәйіті «Арыс-Түркістан» каналынан табылды, деп хабарлайды taulik.kz. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары осыдан 5 күн бұрын Түркістан қаласында жоғалған қыздың денесін тапты. Оқиға орнынан 11 шақырым жерден мәйітті судан алып шықты.
    «Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 жеке құрамы, 1 квадрокоптер, 7 техникасы және жедел құтқару жасағының 5 сүңгуірі, 2 жүзу қайығы, 1 техникасы жұмылдырылды. Полиция департаментінен 20 адам, 4 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника көмекке келді»,  – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
    25 наурыз күні шамамен сағат 17.00 шамасында қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы