ММА лигасының басшысы Рахмоновтың келесі қарсыласына ескерту жасады

ММА лигасының басшысы Рахмоновтың келесі қарсыласына ескерту жасады

ашық дереккөзі

Fight Nights Global промоутерлік компаниясының басшысы Камил Гаджиев UFC-де өнер көрсететін америкалық Белал Мухаммадтың қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен бас тартуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Белал Мухаммад Шавкатпен айқастан бас тартты. Рахмоновқа қарсы шығудан мен де бас тартар едім. Ол өте мықты, ал Белал "Ол жігіт мықты, бірақ аудиториясы аз" дейді. Бұл жерде онымен келліспеймін. Қазақтар - ММА әлеміндегі ақырына дейін баратын ең ашынған жанкүйерлер. Бір ғана мысал, Ресейде қазақстандық файтер қатысқан жекпе-жек болды. Айқасты YouTube -тен әдеттегіден үш есе көп адам көрген. "Матч ТВ-дан" тамашалау қолайсыз болған шығар, YouTube-ке кіріпті. Қаншама коммент, өздерінің спортшыларын қалай сүйетінін көрсеңіз - ММА әлемінде ең белсенді елдердің бірі", - дейді Гаджиев.
Гаджиев Рахмоновпен жекпе-жек Белал үшін карьерасындағы ең үлкен айқас болуы ықтимал екенін айтты.
"Егер Белал Шавкатпен жекпе-жекке шығып жатса, оны көретіндер саны өте көп болады. Сенің кез келген жекпе-жегіңнен еселеп асып түседі", - деді ол.

Loading...