Сарапшылардың пікірінше, Қадыров Путиннен қорқады және оның Шешенстандағы билігіне қауіп төніп тұрғанын сезеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Соғысты зерттеу институтының сарапшылары бұған Гудермес қаласында жақында болған оқиға дәлел болғанын айтып отыр. Онда белгісіз екі адам жергілікті полиция бөлімшесіне оқ жаудырған. Ал Қадыров оқиға орнына жылдам жеткен. Мамандардың айтуынша, бұл әрекеті арқылы ол өзінің имиджін сақтап, қарсылықтың кез келген түрі жойылатынын көрсетуге тырысты. Бұған қоса Қадыровтың бұл іске жылдам әрекет етуі оның Шешенстандағы қарсылыққа алаңдайтынын көрсетеді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл да Қадыровтың Путинге қатысты беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Ал ол өз кезегінде мұны пайдаланып, Украинаға қарсы соғыстағы Кадыровшылардың рөлін арттыруы мүмкін.
Loading...