«Үйім жоқ, 7 баламмен мешітте тұрамын» – Нұрлан имам
"Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі, оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді",- деді Нұрлан имам.