logo
search
menu

Алматылық үш әйелі бар жігіт отбасылық өмірі жайлы айтты

Алматылық үш әйелі бар жігіт отбасылық өмірі жайлы айтты
30 наурыз, 2023
Алматылық үш әйелі бар жігіт отбасылық өмірі жайлы айтты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Дәл қазір әлеуметтік желіде бірнеше келіншегі бар Ақылбек Меңдіғалиұлы есімді ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап. Көп әйелдің көңілін тапқан 34 жастағы алматылық жігіт жеке кәсіпкер. Сөзіне сенсек, ол өзінің некелі үш келіншегінің үйіне кезектесіп екі күннен қонады екен. Ақылбек Меңдіғалиұлы мұндай шешім қабылдауының себебін де түсіндіріп берді.
    "Ең бірінші себеп – нәпсі. Нәпсіні адал жолмен тыю. Содан кейін ұрпағыңның көбейгені жақсы. Артыңнан 12-13 балаң қалса жақсы ғой. Тым құрығында біреуі елге адал қызмет жасайтын алып тұлға болар деген үміт қой. Үш қатынды басқару үшін, ұстау үшін мінез керек. Негізі о баста бірінші қатынды таңдаған кезде 15 қызға ұсыныс жасағанмын. Сол кезде психологиялық тұрғыда дайын болсын деп, бәріне бірнеше қатын алатынымды айтатынмын. Сөйтіп көнгенін алдық қой", – дейді Ақылбек Меңдіғалиұлы.
    Үш әйелді қатар өмірлік жары еткен Ақылбек бұл сұхбатында бүгінде жасы отызға келсе де, отбасын құрмаған жігіттерді қатаң сынға алып, әлі тұрмысқа шықпаған қыздарға ақыл-кеңесін айтқан.
    "Шұғыл түрде жігіттер үйленіп, қыздар байға тиіңдер. Егер де қыздарға бірінші, екінші, үшінші, төртінші әйел болу туралы ұсыныс түссе, еш ойланбастан шыға беру керек. Дүниесіне, дәулетіне қарап шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Ал үйленбеген жігіттерді "ешак" деп айтар едім. Рас қой, 25 жастан асып үйленбей жүрген жігіттер өте көп. Ақиқатында, өмір деген қасыңдағы серігіңмен қызық қой. Бауырлар, шұғыл түрде үйленіңдер", – деді ол.
    Сондай-ақ ол екінші әйел үшін бәйбішеден рұқсат сұрау – нағыз ақымақтық деп отыр.
    "Кез келген еркек көп қатынды қалайды. "Басқа әйелді алу үшін бәйбішенің рұқсаты керек" деп айтатын ақымақтарды атып тастаудың өзі аздық ететін шығар. Әрине, бірінші қатынның рұқсаты керек емес. Оның рұқсаты қажет болса сен неменеге еркек болып жүрсің? Тек қана сый-құрмет көрсет. Мен бірінші әйелімнен рұқсат сұраған жоқпын", – деді үш әйелі бар жігіт.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы