Ресейлік И. Кант атындағы Балтық федералды университетінің ғалымдары қартаюды бәсеңдететін өсімдікті анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ресейлік ғалымдар түймешетеннің жаңа пайдалы қасиеттерін тапты. Соның ішінде жасуша мутациясының жиілігін төмендету, оттегінің сіңуін жақсарту, антиоксидантты, микробқа қарсы және кардиопротекторлық әсер беретін қасиеттерінің бар екені анықталды.
"Біз Балтық аймағында өсетін кәдімгі түймешетеннен биологиялық белсенді заттарды (BAV) бөліп алдық. Зерттеу аясында әдебиетте сипатталған түймешетеннің қасиеттерін растаумен қатар жаңаларын табуға мүмкіндік туды", - деді микробиология және биотехнология зертханасының меңгерушісі.Түймешетенді адамның белсенділігі мен ұзақ өмір сүруіне арналған жаңа геропротекторлық өнімдерді жасау үшін қолдануға болатындығы анықталды. Зерттеу нәтижелері тамақ өнеркәсібіне, косметикаға және басқаларға арналған түймешетен негізіндегі нақты өнімдерді өндіруді жолға қоюға мүмкіндік береді.