logo
search
menu

Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды

Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды
31 наурыз, 2023
Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болды, деп хабарлайды taulik.kz Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 30 наурыз күні сағат 09:45 шамасында болған. 3Б шағынауданында «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған «Chevrolet Lacetti» көлігіне соқтығысқан.
    «Chevrolet Cruze жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, жол-көлік оқиғасына жол берген. Алдын ала болжам бойынша, қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
    Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы