"Орта салмақта өнер көрсететін боксшылардың бәрі менен қорықты. Сондықтан Стивен Батлерге жекпе-жекке келіскені үшін алғысымды білдіремін. Барлық титулдарды біріктіргім келеді, алайда Батлердің артына қарай алмаймын. Ол қиын әрі мықты. Мен Стоктонда жанкүйерлер мен ESPN көрермендері үшін шоу көрсетуді асыға күтудемін", - деді Әлімханұлы.
«Бәрі менен қорқады»: Әлімханұлы алдағы кездесуіне қатысты пікір білдірді
«Бәрі менен қорқады»: Әлімханұлы алдағы кездесуіне қатысты пікір білдірді
31 наурыз, 2023

Мазмұны
WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды taulik.kz bassport.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді.
Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.
Жәнібектің айтуынша, Стивен қиын әрі мықты қарсылас.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы