Мәзір
31 наурыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Головкиннің бокстан кететінін мәлімдегені рас па?

Головкиннің бокстан кететінін мәлімдегені рас па?

Головкиннің бокстан кететінін мәлімдегені рас па? Головкиннің бокстан кететінін мәлімдегені рас па?
ашық дереккөзі
40 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) белгісіз мерзімге жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды taulik.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы мексикалық Хайме Мунгуианың бапкері (41-0, 33 КО) Эрик Моралес GGG-мен ықтимал жекпе-жегі туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып мәлімдеді.
«Менің ойымша, енді жоқ», - деді Моралес.
Головкин орта салмақта WBA және IBF чемпионы болғанымен, бірнеше апта бұрын титулдарын босатқан болатын. Ал Zanfer және Golden Boy промоутерлік компаниялары Мунгуяның қазақстандықпен жұдырықтасуына қызығушылық танытқанымен, Моралес Геннадийдің біраз уақыт жекпе-жек өткізбейтінін естіген.
«Компаниядан Головкиннің белгісіз мерзімге бокстан кететінін жариялағанын естідім. Ал егер ол қайтып оралса, бәріне хабарлайды», - деді ол.
Бапкердің айтуынша, Головкин мен Мунгуя арасындағы ықтимал жекпе-жек қазіргі уақытта жоққа шығарылды
«Ендеше, қазір біз Головкин туралы ойлай алмаймыз», - деді төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы.

Апта талқысында: