logo
search
menu

Екібастұзда ер адам өрт ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын құтқарды

Екібастұзда ер адам өрт ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын құтқарды
31 наурыз, 2023
Екібастұзда ер адам өрт ішінен тоғыз айлық сәби мен анасын құтқарды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда сағат 17:51-де 101 пультіне үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды taulik.kz. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері төрт бөлмелі үйдегі жеке меншік үйде ағаш веранда, жиһаз жанып жатқанын анықтады. Жоғары температураның әсерінен пластикалық терезелер, ас үйдегі тоңазытқыш балқып кеткен.
    «Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сол жерден өтіп бара жатқан 1984 жылы туған Павел Баранов өртті байқап қалып, үйдегі адамдарға көмектесуге жүгірген. Ол монтировкамен терезінің торын ашып,  алдымен баланы, кейін әйелді алып шыққан. Мұндай батыл қадамға барған азамат өзінің бұл әрекетін батырлық деп санамайды. 1987 жылы туған азамат әйелі мен баласын Екібастұз қалалық ауруханасына  жеткізген. Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, әйел реанимацияда жатыр», – деп мәлімдеді департамент.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы